Киіз үй

Орталық және Орта Азияны қоныстанған мал өсірушілердің негізгі баспанасы. Ол мәдени тұрмыстық және шаруашылық мақсатқа арналуына қарай 4 түрге бөлінеді: жаздық тұрғын киіз үй, мереке-жиынға немесе қадірлі қонақты күтуге арналған салтанатты киіз үй, жорық кезінде тігуге арналган абылайша немесе жолым үй және асхана, қойма ретінде тігілетін киіз үй.

Ақ үй, ақ орда деп аталатын қонақ үйлер көркем безендіру жағынан ерекше көз тартады. Жас жұбайларға арналған отау үйде жасау-жиһазға бай, Сәнді де салтанатты келеді.

Киіз үйдің негізгі қанқасын (кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық) суегі деп атайды.

Фото: